Текст
«Азаматтық-патриоттық» бағыты бойынша Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай мерекелік кеш өтті. Мерекелік кеште мектеп директоры Мухатова Қаршыға Көшербайқызы бүлдіршіндерге ыстық лебізін білдіріп, мерекелерімен құттықтады. Балалар ән шырқап, сурет салып, түрлі-түсті қағаздармен аппликация жасады.
«Мың бала» республикалық «Өлең шығару» атты байқауларының жүлдегерлері 2 сынып оқушылары Серік Жәния, Қайрат Райымбек марапатталды.
Сонымен қатар «Көңілді старт» спорттық ойындардан сайыс өтіп, батутқа ойнатылды. Кеш соңында балаларға лагерь ережесі таныстырылды.
Лагерь басшысы: Даниярова Г.А.