Қамқоршылық кеңесі отырысының
№ 2 хаттамасы
26.08.2022 жыл "Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Қатысуға тиіс:9
Қатысқаны:8
Күн тәртібінде :
1.Мектеп бойынша білім алушылардың ыстық тамақпен қамтылуы.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің ДТІЖО Серикбаева А.Ж. сөз алды.
2022-2023 оқу жылының 1жартыжылдығында мектеп бойынша 71 оқушы білім алуда. Жаппай біліммен қамту қорынан 56 оқушы қамтылып, ыстық тамақпен және материалдық көмекпен қамтылады. Ал қалған 15 оқушы демеушілік тарапынан ыстық тамақпен ғана қамтылған. Жалпы мектеп бойынша 71 оқушы бір мезгілдік тегін ыстық тамақпен қамтылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тізімі дайындалынып, құжаттары жинастырылды. Мектептегі асхана жағдайы санитарлық талапқа сай, 71 оқушыға толық қызмет ете алады.
Сөйлеушілер:
Қамқоршылық кеңестің төрайымы Мырзалиева Алия Орақбаевна сөз алды.
ДТІЖО Айнұр Жұматайқызының ақпаратымен таныстық. Бүгінгі «Қамқоршылық кеңестің» кезектен тыс отырысында аталған тізімдегі оқушылардың әлеуметтік жағдайларын ескере келе, оқушылардың бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтылуына толық келісімімді беремін. Себебі қазіргі таңда әр баланың денсаулығы бәрінен қымбат. Ал әлеуметтік жағдайы бойынша жағдайы төмен, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балаларына ыстық тамақпен бірге берілетін материалдық көмектің берілгені өте жақсы қолдау табатын дүние. Менің ойымша,демеушілік тарапынан 15 оқушының да тамақпен қамтылғаны дұрыс деп есептеймін.
Қамқоршылық кеңестің мүшесі Түсіпбергенова Қаншайым сөз алды.
Мен осы ауылдың тұрғынымын. Ауылдың тұрғындарын көп жылдан бері танимын. Енді бүгінгі «Қамқоршылық кеңесте» айтылған мәселелерді өте дұрыс деп есептеймін. Біздің қарсылығымыз жоқ. Жалпы мектеп бойынша барлық оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуға келісемін.
Қамқоршылық кеңестің мүшесі ата-ана Агзамова Толқын сөз алды.
Мен де бүгінгі кезектен тыс өткізіліп отырған отырыста айтылған пікірлермен келісемін. Еш қарсылығым жоқ, айтылған оқушылар ыстық тамақпен қамтылуы дұрыс деп ойлаймын.
Шешім:
ДТІЖО Серикбаева А.Ж. жүктелсін.
Кеңес төрайымы: Мырзалиева Б.О.
Хатшы: Садуакасова М.К.