«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Шалкар отдела образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинской области»               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп туралы

Қызылсай ауылдық округіндегі Шалқар орта мектебі туралы мәлімет

1964 – 1965 жылы В. В. Куйбышев атындағы орта мектеп, екі этажды интернат салынды. Интернатта Ақтүбек, Нығыман, Қасқатау, Алмас, Үшсарт бөлімшелерінен 4 сыныптан бастап келетін 80 – ге жуық оқушылар жатып он жылдық білім алды.

1968 жылы В. В. Куйбышев атындағы орта мектеп ашылды. Ең алғашқы мектеп директоры Нұрғалиев Балғабек Нұрғалиұлы. 1974 жылдан бастап 2003 жылға дейін СССР – дің үздік мұғалімі Сұлтанов Талып Төлеуұлы директор қызметін атқарды. Отыз жылдан астам еңбек ұжымында еңбек еткен ұстаздар: Жакупбекова Сипат Рахымбекқызы, Мамыталиева Талжанкүл, Аужанова Сәуле Аужанқызы. Дене тәрбиесінің мамандары: Балтабаев Жұматай Балтабайұлы, Абуов Закария Шүкірбекұлы, Аубакиров Аллаберген Бәйзікенұлы, Алимбаев Абдрахман Бейсенбайұлы.

     2003 жылдан бастап мектеп директоры қызметін Мұхатова Қаршыға Көшербайқызы атқарып келеді.

      Мектеп директорлары:

     1957 – 1968 жылдары Атанбаев Бопан Атанбайұлы мектеп директоры болды. 1968 – 1978 жылдары Нұрғалиев Балғабек Нұрғалиұлы В. В. Куйбышев атындағы мектеп директоры болды. 1978 – 2003 жылға дейінгі директор қызметін Сұлтанов Талып Төлеуұлы атқарса, 2003 жылдан қазіргі таңға дейін Мұхатова Қаршыға Көшербайқызы директорлық қызметте.

     Оқу ісінің ардагерлері:

Алпысбаев Бекболат Алпысбайұлы

Изтелеуов Уалиолла ханалиұлы

Жабалов Қабдолла Әбікенұлы

 

Жаңартылған күні: 16.02.2021 21:02
Құрылған күні: 12.03.2020 11:22

Текст