«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Шалкар отдела образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинской области»               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біз туралы

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ, ШАЛҚАР АУЫЛЫ

Қызылсай ауылдық округі туралы мәліметтер

1932 – 1933 жылдары қазіргі ауылымыздың аумағында Молотов колхозы, Ынтымақ колхозы, Куйбышев колхозы деп аталатын 3 шағын колхоз құрылып, 1953 жылдан 1957 жылдар аралығында Молотов колхозы болып біріктірілді. 1957 жылдың 14 наурызынан Қорғалжын кеңшары болып аталды. Кеңшарды уақытша Закиров Емберген басқарды. 1958 жылдан 1971 жылға дейін Сылқымбеков Хамидолла Жүзбайұлы басшылық етті.

Бастауыш партия ұйымының хатшысы Малгаздаров Тлеуберген болды. 1974 жылы Байкенов Ильяс ұйым хатшысы болды. 1976 жылы Нұрғалиев Балғабек хатшы болды. 1980 жылы Баймағанбетов Сартай басшылық етті. 1988 жылдың 18 маусымынан Иманберлин Алпысбай хатшы болып сайланды. 1971 жылдың желтоқсан айынан совхоз директоры болып Жұманалин Шәріпбек істеді. 1973 жылдың тамыз айынан Мазитов Ғаббас Харассович тағайындалды. 1983 жылдың шілде айынан 1995 жылдың сәуір айына дейін Қаржаспаев Қабылда директор жұмысын атқарды. 1995 жылдан бастап Абдығалықов Әбуталып Софиұлы директор болды. 1996 жылдың наурыз айынан Баймұханов Қайрат Айтбайұлы тағайындалды. 1996 жылғы 12 сәуірде совхоз Қорғалжын өндірістік кооперативі болып өзгерді. Кооператив төрағасы болып Имашев Болат Оңғарбайұлы сайланды.

1996 жылдың ақпан айынан 2015 жылдың 26 ақпанына дейін Баймұханов Қайрат Айтбайұлы Қызылсай ауылдық округінің әкімі болды. 2015 жылдың 26 ақпанынан әкімнің міндетін Мырзалиева Б. О уақытша атқарса, 2015 жылдың 14 қазанынан бастап қазіргі таңға дейін ауыл әкімі Ахметбеков Мұрагер Аужанұлы.

Жаңартылған күні: 12.05.2020 10:48
Құрылған күні: 12.03.2020 12:05

Текст