«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Шалкар отдела образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинской области»               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Басшы

Мұхатова  Қаршыға Көшербайқызы 1963 жылы 24 наурызда Қарағанды облысы, Теңіз ауданы, Ақтүбек ауылында дүниеге келген.

1980 жылы орта мектепті тәмәмдап, 1986 жылы Петропавл педагогикалық институтын география және биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, Шалқар ауылының В.В. Куйбышев орта мектебіне мамандығы бойынша жұмысқа орналасты.

Ұлты –қазақ, білімі –жоғары, санаты –жоғары, еңбек өтілі -28 жыл.

Қаршыға Көшербайқызы өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын ұлағатты ұстаз. Қаршыға Көшербайқызы оқушыларға өз бетінше жұмыс істеудің әрқилы түрлерін үйрете біледі. Оқытуды проблемалық тұрғыда қолға алып, материалды зерттеу негізінде оқушылардың шығармашылық, практикалық жұмыстарына көп назар аударады.  Олардың мүмкіндіктеріне қолдау көрсете біледі.

Қаршыға Көшербайқызы өзі дәріс беретін сыныптардағы шәкірттерін география, биология сабақтарына баурап ала біледі.

            Ұстаз арнаулы Есназарова Ұлжалғас мектебінің мүшесі. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 8- сыныптарға «Қорғалжын қорығы» тақырыбында сабақ өткізді.  Ал, 1997 жылы Сорос қорының ұйымдастыруымен өткізілген Алматы қаласында ғылыми практикалық конференцияда ғалымдар мен республика мұғалімдері алдында әдістемесін ортаға салып, жоғарғы бағаға ие болды.

            Қаршыға Көшербайқызы алдыңғы буын ағалардан алғаны, кейінгі іні-сіңілілерге айтары бар, өзінің арынды талап, адал еңбек, жігерлі еріктілігінің арқасында, баянды тіршілік кешіп, табанды тер төгіп жүрген ұлағатты ұстаз. Қандай іске де жауапкершілікпен қарап, биік талап қоя білетіндігінің арқасында егеменді еліміздің болашағы жастарды биік адамгершілік рухта тәрбиелеудегі ұстаздық, басшылық қызметінде де жоғары бедел мен ерекше абыройға бөленіп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне мол үлес қосып жүрген азамат.

Қаршыға Көшербайқызының тынымсыз еңбегі мен ізденісінің нәтижесінде Шалқар орта мектебі БҰҰ бағдарламасымен бірлесе отырып, экологиялық бағытта жұмыс жүргізіп отыр.

Қаршыға Көшербайқызының бойындағы алға қойған мақсатқа жету жолындағы қажымас қайрат мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында 2003 жылдан бері мектеп директорлығы міндетін де мінсіз атқарып келеді.

Жаңартылған күні: 18.02.2020 11:47
Құрылған күні: 18.02.2020 12:08

Текст