Текст
Наурыз айының 9 күні Шалқар орта мектебінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу туралы кездесу өтті. Кездесуге Қорғалжын аудандық ПБ-нің ЖТІҚБ КТІЖ аға инспекторы полиция капитаны Сайлау Ә.А., Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы Мухаметова О.С. және Қорғалжын аудандық білім бөлімінің бас маманы Әшімова А.Т. қатысып, 7-11 сынып оқушыларымен пікірлесті. Кездесу барысында "Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу" тақырыбында баяндама оқылды. Оқушылар тақырып төңірегінде сұрақтар қойып,өз ойларымен бөлісті.Көптеген көкейдегі сауалдарға жауап алған оқушылар кездесу соңында келген қонақтарға алғыстарын білдірді.